АҚШ Иранға тағы санкция салды
(last modified Tue, 21 Nov 2017 08:11:38 GMT )
Қар 21, 2017 14:11 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға тағы санкция салды

АҚШ ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеттерінің жалғасында елдің екі компаниясы мен екі ирандыққа санкция салды

"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-ның Қаржы министрлігі дүйсенбі күні кешке екі компания мен екі ирандықты германиялық екі компаниямен бірге Ислам революциясы Сақшылар корпусымен қарым-қатынас орнатты деген сылтаумен санкциялардың тізіміне енгізді. АҚШ-тың Қаржы министрлігі бұдан бұрын сан рет ирандық компаниялар мен азаматтарына, сонымен бірге шетелдік компанияларға әртүрлі сылтаулармен, соның ішінде Ислам революциясының  Сақшылар корпусымен қарым-қатынас орнатқаны үшін санкция салған болатын.

АҚШ Қаржы министрінің орынбасары Сигал Манделкер қарашаның 8 күні  Вашингтонның Сақшылар корпусына қарсы көбірек әрекет жасауы қажеттігін қуаттаған болатын.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы АҚШ қолдайтын лаңкестермен күресте маңызды рөлге ие.