АҚШ Иранға тағы санкция салды
АҚШ ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеттерінің жалғасында елдің екі компаниясы мен екі ирандыққа санкция салды
"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-ның Қаржы министрлігі дүйсенбі күні кешке екі компания мен екі ирандықты германиялық екі компаниямен бірге Ислам революциясы Сақшылар корпусымен қарым-қатынас орнатты деген сылтаумен санкциялардың тізіміне енгізді. АҚШ-тың Қаржы министрлігі бұдан бұрын сан рет ирандық компаниялар мен азаматтарына, сонымен бірге шетелдік компанияларға әртүрлі сылтаулармен, соның ішінде Ислам революциясының Сақшылар корпусымен қарым-қатынас орнатқаны үшін санкция салған болатын.
АҚШ Қаржы министрінің орынбасары Сигал Манделкер қарашаның 8 күні Вашингтонның Сақшылар корпусына қарсы көбірек әрекет жасауы қажеттігін қуаттаған болатын.
Ислам революциясының Сақшылар корпусы АҚШ қолдайтын лаңкестермен күресте маңызды рөлге ие.