Ердоған Сириядағы лаңкестік топтарды мойындамайтынын қуаттады
Түркия президенті Сирияның территориялық тұтастығы мен саяси бірлігін қолдайтынын мәлімдеп: "Біз Сирияны бөлшектеуге талпыныс жасап жатқан лаңкестік топтарды заңды ойыншы ретінде мойындай алмаймыз",- деді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Режеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні кешке Сочиде Владимир Путин және Хасан Руханимен бірге өткізген ортақ баспасөз конференциясында: "Сирияның саяси бірлігі мен территориялық тұтастығы және аймақ елдерінің ұлттық қауіпсіздігін нысанаға алған лаңкестерді қуу біздің ең маңызды мақсатымыз болады.
Біздің Ресей және Иранмен арадағы аймақтық мәселелерге байланысты қарқынды келіссөздеріміз жалғасын табады. Бүгінде бұл істің барлық салалардағы нәтижесіне куә болып отырмыз.
Ресейлік және ирандық әріптестермен маңызды кездесу кезінде өзекті мәселелерді, соның ішінде Сирия жағдайын талқылап, қарастырдық",- деп мәлімдеді.
Ердоған Сирия өзгерістеріне ықпалы жүретін елдерді Сочи отырысында жасалған талпыныстар мен қабылданған шешімдерді қолдауға шақырды.