Американың Мемлекеттік департаменті Иванка Трамппен қарсыласуда
https://itolqyn.com/news/world-i32463
Американың Мемлекеттік департаменті осы ел президенті қызының қасындағы делегацияның Үндістанға баруына кедергі жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 25, 2017 22:13 Asia/Almaty
  • Американың Мемлекеттік департаменті Иванка Трамппен қарсыласуда

Американың Мемлекеттік департаменті осы ел президенті қызының қасындағы делегацияның Үндістанға баруына кедергі жасады.

Американың Мемлекеттік департаментінің хатшысы Рекс Тиллерсон бұл шешімді Иванка мен Ақ үй арасындағы түйткіл күшейіп тұрған кезде қабылдады.

Дональд Трамп жуырда күйеу баласы Джаред Кушнер мен қызы Иванкаға тиімсіз кеңестеріне байланысты Ақ үйден кетіп, Нью-Йорктегі өз үйлеріне баруды сұрады.

Америка Мемлекеттік департаментінің басшылары Тиллерсонның бұл шешімін Иванканың Үндістанда өтетін саммитке баратын делегацияны бастап баруымен байланыстырады. Инвесторлар мен кәсіпкерлердің қатысуымен жыл сайын өтетін әлемдік саммит биыл Үндістанда қарашаның 28-30 күндері әйел кәсіпкерлерді қолдау тақырыбында өтеді.

Иванка Трамптың ақпарат хатшысы Мемлекеттік департаменттің оның Үндістан сапарына қолдау танытпауына байланысты пікір білдіруден бас тартты.