Джон Керридің Израильдің соғысқұмарлығы туралы ескерткені белгілі болды
Сионистік режимнің ақпарат құралдары АҚШ-нің бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің кезінде Израиль режимінің соғысқұмар саясаттары туралы ескерткенін мойындады.
Палестина баспасөз орталығының мәліметі бойынша, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри өткен жылы Дубайда айтқан сөзінде палестиналықтардың бірнеше жыл күрестен кейін мәселені бейбіт жолмен шешуге қатысты табандылығын мадақтаған.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы сондай-ақ сионистік режимнің соғысқұмар саясатына тоқталып, бұл режимнің паластиналықтармен бейбітшілік орнату деген шынайы шешімінің жоқтығын қуаттап: "Палестиналықтар 2005 жылғы интефазаның басталуынан кейін Израильдің қысымдарына қарамастан, ешбір зорлық-зомбылық қолданбауға талпыныс жасады. Бұл мәселе израильдіктерден жасырын қалып, ол туралы талқыланған жоқ. Өйткені, Израиль басшыларының көбі Палестина мемлекетінің құрылуына қарсы",- деді.