Ұлыбритания армиясы Рияд армиясын Йемендегі соғысқа жасырын дайындауда
https://itolqyn.com/news/world-i32497-Ұлыбритания_армиясы_Рияд_армиясын_Йемендегі_соғысқа_жасырын_дайындауда
Ұлыбритания басылымдарының бірі бұл ел армиясының Рияд әскерилерін Йеменге шабуыл жасауға жасырын түрде дайындап жатқанын әшкере етті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 27, 2017 09:58 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания армиясы Рияд армиясын Йемендегі соғысқа жасырын дайындауда

Ұлыбритания басылымдарының бірі бұл ел армиясының Рияд әскерилерін Йеменге шабуыл жасауға жасырын түрде дайындап жатқанын әшкере етті.

«The Mail on Sunday» апталық басылымы: "Риядтың Йемендегі адамзатқа қарсы қылмыстарын айыптауына қарамастан, Ұлыбритания армиясы жасырын түрде Сауд Арабиясының  әскерилерін Йемендегі соғысқа дайындауда",- деп жазды.

Сауд Арабиясы күштерін жаттығудан өткізіп жатқаны туралы мәлімет Британия армиясы қателесіп, Фейсбуктегі парақшасында жаттығулар туралы суреттері мен мәлімет жариялап, біраздан кейін алып тастаған кезде әшкере болды.