Ресей ДАИШ-тың Сириядағы позицияларын бомбалады
(last modified Mon, 27 Nov 2017 12:03:56 GMT )
Қар 27, 2017 18:03 Asia/Almaty
  • Ресей ДАИШ-тың Сириядағы позицияларын бомбалады

Ресейдің Әуе күштері төрт күн қатарынан ДАИШ лаңкестік тобының Сириядағы Евфрат өзені бойындағы позицияларын бомбалады.

Ресей 2015 жылы қыркүйектің аяғынан бастап лаңкестікке қарсы Сириямен ынтымақтастығы аясында Сирияның Хамим базасында орналасқан әуеғарыштық қарулы күштерін пайдаланумен қоса, әскери-теңіз күштері бөлімдерін, сондай-ақ құрлықаралық бомбалаушы ұшақтарын ДАИШ пен "ан-Носрат" майданы лаңкестерінің мақсаттарын бомбалау үшін пайдаланып келеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жариялап, Ресейдің 6 "Ту-22 М3" стратегиялық бомбалаушы ұшағы жексенбі күні Сирия әскері мен қарсыласу күштерінің жерүсті әскери амалдарына әуеден қолдау көрсету мақсатында ДАИШ лаңкестік тобының Евфрат өзені бойында орналасқан базалары мен орталықтарын бомбалағанын айтты.

Бұл әскери амалдардың мақсаты Евфрат өзенінің батыс бөлігіндегі әл-Букамал және әл-Маядин қалалары арасында орналасқан ДАИШ-тың қалған базалары мен орталықтарының көзін жою болды.

 

 

Тегтер