Қар 27, 2017 20:28 Asia/Almaty
  • Ресей

Ресейдің Ирандағы елшісі екі ел арасындағы тауар айналымы көлемін арттыру қажеттігін қуаттап, елінің "Солтүстік-оңтүстік" дәлізі құрылысын аяқтап, іске қосуды мақсат етіп отырғанын мәлімдеді.

"Солтүстік-оңтүстік" тасымал дәлізі 2000 жылы қыркүйек айында Санкт-Петербургте Иран, Ресей және Үндістан тарапынан құрылды. Бұл дәліз Үнді мұхиты мен Парсы шығанағын Иран арқылы Каспий теңізіне, одан кейін Ресей арқылы Санкт-Петербург пен солтүстік Еуропамен байланыстырады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресейдің Ирандағы елшісі Леван Джагарян жексенбі күні Иранның солтүстігінде орналасқан Гилан облысының әкімі Мұстафа Саларимен кездесуінде Гилан облысы мен Ресей арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті дамыту үшін жақсы негіз жасалғанын айтты.

Ресейдің Теһрандағы елшісі сондай-ақ Ресейдің Астрахань қаласынан Теһранға тікелей рейс ашуды сұрады.

Гилан облысының әкімі Мұстафа Салари Қазвин-Рашт-Анзали-Астара темір жол желісі құрылысының аяқталуына сілтеме жасап, "Солтүстік-оңтүстік" дәлізі құрылысының аяқталуын Иран мен Ресей президенттерінің ортақ шешімі деп атады.

Иран, Ресей, Үндістан, Әзірбайжан Республикасы, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Украина, Беларусь, Оман мен Сирия "Солтүстік-оңтүстік" дәлізі жобасының мүшелері саналады.

 

 

Тегтер