Иран мен Ресей және Түркияның мақсаты – Сирияның территориялық тұтастығы
(last modified Tue, 28 Nov 2017 10:58:25 GMT )
Қар 28, 2017 16:58 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей және Түркияның мақсаты –  Сирияның территориялық тұтастығы

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияның территориялық тұтастығын сақтауды қажет іс деп атап, Иран мен Түркия және Ресей президенттерінің ортақ мәлімдемесінде бұл тақырыптың қуатталғанын мәлімдеді.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбі күні ТАСС агенттігіне берген сұхбатта Сирияның территориялық тұтастығы мен бірлігін сақтау қажеттігін баса айтып, келешекте де бұл елдің бірлігіне сызат түспеуіне үміт білдіріп: "Сирияның территориялық тұтастығы мен бірлігі туралы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің қарарында, Сочидегі Иран, Ресей және Түркия басшыларының үшжақты мәлімдемесінде және Сирия туралы БҰҰ-ның бақылауымен өтетін отырыстар мен саяси басқосуларда, сондай-ақ, Араб лигасы сынды басқа аймақтық және халықаралық ұйымдарда қуатталып, қолдауға ие болды. Сочи отырысында Иран, Түркия және Ресей басшылары жиын өткізу туралы ұсыныс жасады. Оның қашан  өткізілетіні кейін хабарланатын болды",- деді.