Америкалық сенатор елінің Солтүстік Кореямен соғысуы мүмкін екендігін хабарлады
(last modified Thu, 30 Nov 2017 03:14:50 GMT )
Қар 30, 2017 09:14 Asia/Almaty
  • Америкалық сенатор елінің Солтүстік Кореямен соғысуы мүмкін екендігін хабарлады

Америкалық республикашыл сенатор Линдси Грэм SNN телеарнасына берген сұхбатта «Егер жағдай өзгермесе, Солтүстік Кореяның әрекеттерін тоқтату үшін соғысуға мәжбүр болсақ, соғысамыз» деді.

Америка Президенті Дональд Трамп та Солтүстік Кореяның құрлықаралық баллистикалық жаңа зымыранының сынағына реакция білдіріп, Американың оған сақтық танытып отырғанын айтты.

Солтүстік Кореяның зымырандық жаңа сынағы Америка мен оның одақтастарының реакциясымен бетпе-бет келді.

Солтүстік Корея сәрсенбі күні таңертең баллистикалық жаңа зымыранын сынақтан өткізді.

Зымыран Жапон теңізінің экономикалық аймағына қонды.