Зангане: Иран ОПЕК-те мұнай өндірісін азайтуды қолдайды
(last modified Thu, 30 Nov 2017 08:31:01 GMT )
Қар 30, 2017 14:31 Asia/Almaty
  • Зангане: Иран ОПЕК-те мұнай өндірісін азайтуды қолдайды

ИР-ның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сәрсенбі күні кешке Венада Иранның мұнай өндірісін азайту келісімін 6 немесе 9 айлық мерзімге ұзартуды қолдайтынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ОПЕК-тің 173-ші отырысына қатысу үшін Венаға барған Зангане  сәрсенбі күні кешке тілшілердің мұнай өндірісін азайту келісімін 6 немесе 9 айға ұзарту туралы қойған сұрағына жауабында: «Мүше елдердің басым көпшілігінің назарын негізге ала отырып, осы екі мерзімге де келісеміз»,-деді.

Венада ОПЕК-тің 173-ші отырысына бір күн қалғанға дейін осы ұйымға мүше елдердің Мұнай және Энергетика министрлері ұйымнан тыс мұнай өндірушілермен кеңестерін жалғастырды. Ресейдің Мұнай министрі  ОПЕК пен одан тыс елдердің мұнай өндіруді азайту келісімін ұзартуда өзара түсіністікке қол жеткізгенін хабарлады.

ОПЕК пен одан тыс елдер министрлерінің ортақ бақылау комитетінің (JMMC) алтыншы отырысы сәрсенбі күні түстен кейін Венадағы ОПЕК-тің кеңсесінде өтті.

ОПЕК-тің 173-ші отырысы және осы ұйым мен одан тыс елдер министрлерінің үшінші отырысы 30 қараша күні Венада өтіп, осы елдердің Мұнай министрлері  мұнай өндіруді азайту келісімін ұзарту жөнінде шешім қабылдайды деп күтілуде.

 

Тегтер