Батыстың лаңкестікпен күреске қатысты екіұшты саясаттары сыналды
(last modified Sun, 27 Mar 2016 10:25:53 GMT )
Нау 27, 2016 16:25 Asia/Almaty
  • Батыстың лаңкестікпен күреске қатысты екіұшты саясаттары сыналды

Ресейлік бір қайраткер: "Батыстың лаңкестікпен күреске қатысты екіұшты саясаттары Ресей мен батыс елдері мен АҚШ-тың осы салада әріптестік жасау мүмкіндігін жойды" деді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Игорь Коротченко сенбі күні бір телебағдарламада сөйлеген сөзінде: "Брюссельде жуырда орын алған лаңкестік оқиғалар лаңкестікпен күрес үшін халықаралық деңгейде ынтымақтастық жасау қажеттігін тағы көрсетті. Батыс елдерінің барлығы лаңкестік шабуылдардың алдын алу үшін осы алаңда басқа елдермен бірігіп талпыныс жасап, әлемнің басқа елдерімен ақпарат алмасуы керек. Алайда әлем еуропалық елдердің лаңкестерді "жақсы" және «қауіпті» лаңкестер деп екіге бөліп, "жақсы" лаңкестерді қолдап отырғанына куә болуда" деді.

Осы ресейлік қайраткер мысал ретінде батыс елдерінің Сирия және Таяу Шығыс аймағындағы басқа елдердегі лаңкестік топтарды қолдап отырғанына тоқталып, бұл мәселені Батыстың осал тұсы деп атады.

Коротченко сөзінің жалғасында Ресейдің Батыс сынды емес, лаңкестікпен шынайы түрде күресіп жатқанын айтып: "Мәскеу Брюссельдегі оқиғаларға алаңдап отыр. Оны халықаралық қауіпсіздікке, соның ішінде Ресей үшін төнген қатер деп санайды" деді.