Жел 01, 2017 21:25 Asia/Almaty
  • Джаһангири: Иран мен Ресейдің лаңкестікке қарсы ынтымақтастықтары әлем үшін жақсы үлгі

ИИР Вице-президенті Иран мен Ресейдің барлық салалардағы қарым-қатынастарын даму үстінде деп бағалап, Теһран мен Мәскеудің лаңкестікпен күресу саласындағы ынтымақтастықтарын әлем үшін жақсы үлгі деп атады.

Иранның Вице-президенті Исхақ Джаһангири Шанхай ынтымақтастық ұйымы отырысының аясында Сочиде Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесіп, Иран, Ресей және Түркия президенттерінің соңғы отырысына тоқталып, отырыс нәтижелерінің Сирия мен аймақ халықтары үшін пайдалы болатындығына үміт білдірді.

Иран Вице-президенті сонымен бірге өткен 4 жылда Иран мен Ресей президенттерінің 12 рет кездескендігіне сілтеме жасап, екі елдің әтүрлі салаларда, соның ішінде мұнай мен газ саласындағы ынтымақтастықтарын дамыту қажеттігін қуаттап, Теһранның Ресей мұнай компанияларының Иранға инвестиция салуын қолдайтынын мәлімдеді.

Дмитрий Медведев те кездесуде екі елдің қарым-қатынастарын кеңейту қажеттігін қуаттап, Ресейдің ірі мұнай компанияларының Иранға инвестиция салуға мүдделік танытатындықтары туралы хабарлады. Ресей Премьер-министрі Теһран-Мәскеу ынтымақтастықтары келешегінің сындарлы  болуына үміт білдіріп, Ресейде екі елдің ынтымақтастықтарын ілгерілетуді көздейтін арнайы комиссиялардың белсенді жұмыс жасап жатқанын айтты.

 

 

 

Тегтер