Америкалықтардың көпшілігі "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдайды
Жел 02, 2017 21:15 Asia/Almaty
Жаңадан жүргізілген сауалнама нәтижелері америкалықтардың көпшілігінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыруды қолдайтынын көрсетті.
Америка Конгресінің қаулысына сәйкес, Америка президенті Дональд Трамп әрбір 90 күнде бір рет Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына табандылығын растайды. 2017 жылдың қазан айының 15 күні Трамп оны орындаудан бас тартып, істі Конгреске жүктеді.
"Ортақ қадам" келісімінің мәтінінде Иранның іс-әрекеттерін бақылайтын жалғыз орган ретінде танылған Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі осы уақытқа дейін Теһранның аталмыш келісімге табандылығын тоғыз рет растады.
Тегтер