Лариджани: Иран мен Ресей есірткі заттарымен күресу бойынша ауқымды әріптестік жасауда
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы есірткі заттарымен күресу туралы халықаралық конференцияға қатысу үшін ирандық делегацияны бастап Мәскеуге сапармен барғанда Иран мен Ресейдің есірткі заттары контрабандасымен күресу бойынша ауқымды түрде әріптестік жасап жатқанын айтты.
Али Лариджани жексенбі күні Мәскеуге келген сәтте тілшілерге берген сұхбатта есірткі заттары контрабандасымен күресу үшін халықаралық әріптестік жасаудың қажеттігін қуаттап: "Иран мен Ресей есірткі заттары шығатын көздерді бақылап, онымен күресу жолын табу үшін бірлесе кеңесуі қажет",- деп мәлімдеді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы сондай-ақ Мәскеуде өтетін есірткі заттарымен күрес туралы халықаралық конференцияда парламенттік тәжірибелермен алмасу қажеттігін қуаттап, Мәскеуге іс-сапарының негізгі мақсатын есірткі заттарымен күрес туралы конференцияға қатысып, осы саладағы парламенттердің атқаратын рөлін зерттеу деп атап: «Кейбір мемлекеттер лаңкестік және есірткі заттарымен күресу мақсатында Ауғанстанда орналасып, осы мәселені бақылау үшін талпыныстар жасады. Алайда олардың Ауғанстанда орналасуы салдарынан есірткі заттарының өндірісі бірнеше есеге артты",- деді.