Зариф: Каспий теңізінде ешбір бөгде әскери күшке орын жоқ
https://itolqyn.com/news/world-i32719-Зариф_Каспий_теңізінде_ешбір_бөгде_әскери_күшке_орын_жоқ
ИИР-ның Сыртқы істер министрі Каспий жағалауында орналасқан бес елдің конвенциясы бойынша Каспий теңізінде ешбір бөгде әскери күштің орналаса алмайтынын қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 05, 2017 14:07 Asia/Almaty
  • Зариф: Каспий теңізінде ешбір бөгде әскери күшке орын жоқ

ИИР-ның Сыртқы істер министрі Каспий жағалауында орналасқан бес елдің конвенциясы бойынша Каспий теңізінде ешбір бөгде әскери күштің орналаса алмайтынын қуаттады.

Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Мәскеуге келіп түскен кезде журналистерге берген сұхбатта Каспий теңізі жағалауындағы бес елдің Сыртқы Істер Министрлерінің жетінші отырысының өтетіндігіне тоқталып: "Осы кезге дейін бұл мәселеге қатысты 49 эксперттік отырыс өтті. Дүйсенбі және сейсенбі күндеріндегі Сыртқы Істер Министрлерлерінің отырысы Астанада өтетін аталмыш елдер басшыларының саммиті үшін дайындық  саналады",- деді.

Иран Сыртқы Істер Министрі осы уақытқа дейін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау саласында жақсы алға ілгерілеушіліктің байқалуына сілтеме жасап: "Бұл конвенциямен бірге 12 құжат бойынша келісім жасалды. Каспий жағалауындағы бес мемлекет теңіздегі кеме қатынасы мәселесі бойынша бес елдің туын пайдалануға келісті",- деп мәлімдеді.