Ирак, Мысыр, Тунис пен Пәкістан халықтары Құдс пен Палестина халқын қолдап, шеру өткізді
(last modified Fri, 08 Dec 2017 12:55:59 GMT )
Жел 08, 2017 18:55 Asia/Almaty
  • Ирак, Мысыр, Тунис пен Пәкістан халықтары Құдс пен Палестина халқын қолдап, шеру өткізді

Ирак халқының азаматтары АҚШ Президенті Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы деп тану туралы шешіміне наразылық білдіріп, Бағдадта шеру өткізді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирак сүнниттерінің жоғары мәртебелі дінбасысы әрі сүнниттік вакф ұйымының басшысы Абдуллатиф Хамим осы шеруге қатысып: "Құдс – үш діннің (иудаизм, ислам, христиан) пайғамбарлары жіберілген мекен. Сондықтан, АҚШ осы қасиетті қалаға қатысты қабылдаған жуырдағы шешімінің салдарларын сараптауы тиіс. Бұл шешім барлық өлшемдер бойынша қате әрі әділетсіз",-деді.

Сонымен қатар Мысырдың астанасы Каирде жүздеген адам АҚШ-тың басып алынған Құдсты сионистік режимнің астанасы деп тану туралы шешіміне наразылық білдіріп, АҚШ пен Израильге қарсы ұрандар айтып, бұл режимнің туы мен Премьер-министрі Нетаньяхудың суреттерін өртеді.

Сондай-ақ, Тунистің мыңдаған тұрғыны бейсенбі күні АҚШ үкіметінің Құдсты Израиль режимнің астанасы деп танып, АҚШ елшілігін осы қалаға көшіру туралы шешіміне наразылық ретінде шеру өткізді.

Пәкістанның мыңдаған азаматы елдің әртүрлі қалаларында шеру өткізіп, АҚШ Президентінің Құдс қаласын Израильдің астанасы деп танып, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру туралы шешімін айыптады.

 

Тегтер