Ресей Францияның Сириядағы жеңістерді өзіне тиесілендіру мақсатындағы талпыныстарын сынады
(last modified Mon, 11 Dec 2017 09:12:48 GMT )
Жел 11, 2017 15:12 Asia/Almaty
  • Ресей Францияның Сириядағы жеңістерді өзіне тиесілендіру мақсатындағы талпыныстарын сынады

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы франциялық әріптесінің Сириядағы ДАИШ-ты жеңудегі Ресейдің рөлін мойындамайтын сөздерін теріске шығарды.

ТАСС  агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Мария Захарова: "Соңғы күндері Батыс елдеріндегі серіктестер "ДАИШ-ты жеңуде Ресейдің ешқандай қатысы болған жоқ. Олардың өздері мен АҚШ басқарған коалицияның күштері Сириядағы ДАИШ тобының көзінің жойылуына себеп болды" деген уәж айтуда", - деді.

Захарова Facebook әлеуметтік желісіндегі жолдауында батыстықтарға қаратып: "Мырзалар, өздеріңіздің Ирак, Ливия мен Ауғанстандағы жетістіктеріңізді мақтан тұтыңыздар!",- деп жазды.

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Ресейдің ДАИШ-ты жеңудегі рөлін теріске шығарып: "Сирияда ДАИШ-ты жеңіп, оларды елден қуған америкалық колаицияның әскерилері болды",- деген уәж айтты.

Мұның алдында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров америкалық әскерилердің Сириядағы құзырын заңсыз деп атаған болатын.

 

 

Тегтер