Еуропа елдері сионистік режимнен теріс айналды
(last modified Mon, 11 Dec 2017 12:13:47 GMT )
Жел 11, 2017 18:13 Asia/Almaty
  • Еуропа елдері сионистік режимнен теріс айналды

Сионистік режимнің премьер-министрі Еуропаға сапарға аттанар алдында Еуропа елдерін екіжүзділік пен екіұшты критерилерді ұстанды деп айыптады.

Бұл сөздер Еуропа елдері бірігіп, АҚШ президенті Дональд Трамп Құдсты Израильдің астанасы ретінде мойындау шешімін өткір сынға алғаннан кейін айтылды. Еуропа елдерінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Құдстың басып алынғаны баса айтылған 15 қарарын қолдағаны Израиль премьер-министрінің ашу-ызасын келтірді.

Сонымен қатар, еуропалықтар мен Израиль режимі арасындағы келіспеушіліктер тек Құдстың келешегі мен АҚШ-ның елшілігін басып алынған Палестинадағы осы қалаға көшіру мәселесімен шектеліп қана қоймайды. Өткен жиырма жылдың ішінде еуропалықтардың Израиль режиміне қатысты көзқарасы ұзақ уақыт аралығында біртіндеп өзгерді. Еуропа елдерінің үкіметтері өздерін осы режимді қорғауға міндетті санайды. Алайда жалпы бұқара халық деңгейінде, әсіресе Еуропаның интеллигенциясы мен жастарының арасында Израиль режимін сынау деңгейі айтарлықтай артқан. Еуропаның осылай теріс айналуының көптеген дәлелдері бар. Мысалы, еуропалық жастар орта жастағы еуропалықтармен салыстырғанда өздерін Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде еврейлерді қырып-жоюға кінәлі сезінбейді. Сол себепті олар Израиль режимін сынаудан бас тартып отырған жоқ.

Израильдің қазіргі үкіметінің шамадан тыс әсірешіл әрекеттері де еуропалықтардың бұл режимге қатысты көзқарасының өзгеруіне айтарлықтай әсер етті. Нетаньяху үкіметі палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылық көрсетуде кез келген әдіс пен құралды пайдаланудан аянбады. Газа секторында 1,5 милионнан астам адам қоршауға алынған. Бұл кішкентай жер қазіргі таңда әлемдегі ең үлкен зындан саналады. Сонымен қоса, израильдіктер халықаралық заңдарды назарға алмастан, палестиналықтардың жерлерін тартып алып, басып алынған территорияда сионистік қалашықтар салып жатыр.

Еуропа-Жерорта теңізі аймағындағы адам құқықтарын зерттеу орталығының мүшесі Маха әл-Хусейни: "Бұл жерде палестиналықтарға қарсы шектен тыс зорлық-зомбылық көрсетіліп жатыр. Мұнда басқыншы сарбаздар үшін ешқандай қатер төндірмейтін палестиналық азаматтарды заңсыз түрде өлтіріп, көздерін жойып жатыр",- деді.

Жиырма бірінші ғасырдың жиырмасыншы жылдығындағы осындай заң бұзушылықтар тәуелсіз ақпарат құралдарының дамуы мен әлеуметтік желілердің пайда болуына байланысты әлем халқының, әсіресе еуропалық азаматтардың назарынан тыс қалмады. Еуропаның интеллигенциясы, жастары мен студенттері үшін израильдік әскерилердің халықтың үйлерін қиратып, жасөспірімдерді тас лақтырғаны үшін түрмеге қамап жатқаны мүлдем түсініксіз. Сондықтан, израильдіктердің Палестина жерінде адам құқықтарын бұзып жатқанына қатысты наразылық үні Еуропада күннен-күнге қатты естілуде.

Мұндай жағдайда Трамптың басып алынған Құдстың жағдайын өзгертуге бағытталған әрекеті тіпті Израиль режимінің еуропалық одақтас елдері үкіметтерінің ашуын тудырды. Бұл жағдай жалғасатын болса, сионистер қоғамдық пікірге келтірген қысымы үшін өзінің Еуропадағы ықпалды қолдаушыларынан айрылады.

 

 

Тегтер