Жел 13, 2017 22:02 Asia/Almaty
  • Венада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының 10-шы отырысы басталды

Венаның «Кобург» қонақүйінде Иран делегациясы мен «алтылық» тобының қатысуымен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясының 10-шы отырысы басталды.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі Вена отырысындағы Иран делегациясының жетекшісі Аббас Аракчи «Ортақ қадам» бағдарламасының ортақ комиссиясының отырысында ядролық тақырып, Иранның міндеттері, екі тарап арасында жүзеге асырылған ынтымақтастықтар, санкцияларды жою және қазіргі қиындықтар мәселесі қарастырылатынын мәлімдеді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясының отырысы үш айда бір рет Иран және «алтылық» тобының Сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде ұйымдастырылып, ядролық және санкциялар мәселесі бойынша  эксперттер жиналыстары да өтеді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы комиссиясының 9-шы отырысы 2017 жылдың 19 қыркүйегінде Нью-Йоркте Біріккен ұлттар ұйымының бас штаб-пәтерінде өтті.

Иран және «алтылық» тобының ядролық келісімі 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асырылуда. АҚШ үкіметі осы топтың мүшесі ретінде әрдайым ядролық келісімді бұзып келеді.

 

Тегтер