"Ортақ қадам" бағдарламасы Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт болмысына кепілдік береді
БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне берген есебінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт болмысына кепіл болатын ең дұрыс жол деп атап, АҚШ-тан осы келісім негізіндегі өз міндеттемелеріне берік болуды сұрады.
Associated Press ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне берген есебінде: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт болмысына кепілдік беретін ең дұрыс жол", - деді.
Гутерриш ядролық келісімнің ҚХР, РФ, Ұлыбритания, Франция, Германия мен Еуропалық одақ секілді басқа тараптарының "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдап отырғанын құптап, АҚШ-тан осы келісім негізіндегі өз міндеттемелеріне берік болуды сұрады.
БҰҰ бас хатшысы АҚШ-қа осы мәселеге қатысты әрекет жасамастан бұрын оның аймақтағы салдарын назарға алуы керектігін ескертіп: "Иран өзінің әскери әлеуеттерінің, соның ішінде баллистикалық зымырандарының ядролық оқтұмсықтарды тасымалдау мақсатында жасалмағанын, сол себепті бұл мәселеге қатысты алаңдаудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді",- деді.