АҚШ президентіне қатысты наразылықтар артуда
Жел 14, 2017 19:54 Asia/Almaty
АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Monmouth университетінің АҚШ президенті Дональд Трамп туралы өткізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, халықтың 56 пайызы оның әрекеттеріне наразы.
Бұл сауалнама сондай-ақ әйелдер арасында Трамп әрекетіне қатысты ризалық деңгейінің күрт төмендегенін көрсетті. Monmouth университетіндегі Зерттеу инситутының директоры Патрик Мюрей: "Көрсеткіштердің былай күрт төмендеуі Трамптың бірнеше әйел тарапынан жыныстық тұрғыдан теріс қылық көрсетті деп айыпталған Алабама штаты сенаторлығына үміткері Рой Мюрейге қолдау көрсетуіне байланысты",- деді.
Тегтер