Өзбекстанда алғашқы Ислам академиясы ашылады
Өзбекстан Президенті елінде Ислам академиясын ашуға бұйрық берді.
Осы мәлімет бойынша, Өзбекстанның Ислам академиясында осы елдің азаматтарымен қоса шетелдік азаматтар да білім ала алады. Зерттеушілер үшін сырттан оқу тәсілін қолдануға да, тәуелсіз зерттеулер жүргізуге де мүмкіндік болады.
Қазіргі таңда Өзбекстанның астанасы Ташкентте бір ислам университеті мен бір факультет жұмыс істейді. Өткен жазда осы елдің Бұқара облысында "Мирараб" жоғары діни медресесі ашылған болатын.
Сонымен қатар Өзбекстан үкіметі жуырда Ташкент қаласы мен Өзбекстанның басқа өңірлеріндегі, соның ішінде Андижан мен Ферғана облыстарындағы мешіттерге дыбыс зорайтқышпен азан шақыруға рұқсат берді.
Өзбекстан мұсылмандары басқармасының басшысы елдің діни оқу орталықтарында Құран Кәрім мен араб тілін үйрету курстарын ашуға бұйрық берді.