The Washington Post газеті Трампты биылғы жылдың ең үлкен өтірікшісі деп атады
(last modified Sun, 17 Dec 2017 15:14:40 GMT )
Жел 17, 2017 21:14 Asia/Almaty
  • The Washington Post газеті Трампты биылғы жылдың ең үлкен өтірікшісі деп атады

The Washington Post газеті АҚШ Президентін биылғы жылдың ең үлкен өтірікшісі деп атады.

The Washington Post газетінің ғаламтор базасы: "АҚШ-тың саяси тарихында соншалықты өтірік айтатын президент болған емес. Дональд Трамп үнемі өтірік айтуымен қатар, тіпті қателескені анықталған кезде де сонысын қайталайды. Трамп уәждерін дәлелдейтін құжаттың болмағанына қарамастан айтқанынан қайтпайды. Оның сөздері мен саяси әрекеттері тұрақсыздық пен төтенше өзгерістерге себеп болуда. Трамптың 298 күн билігінде қателесуі немесе өтірік айтуы 1628 жайтты құрады",- деп жазды.