АҚШ мұсылмандары Трамптың Құдсқа қарсы шешіміне наразылық білдіріп, шеруге шықты
(last modified Sun, 17 Dec 2017 15:55:02 GMT )
Жел 17, 2017 21:55 Asia/Almaty
  • АҚШ мұсылмандары Трамптың Құдсқа қарсы шешіміне наразылық білдіріп, шеруге шықты

АҚШ-тың мыңдаған мұсылманы ел президентінің Құдсты Израиль режимінің астанасы ретінде ресми жариялау шешіміне наразылық білдіріп, Вашингтонда шеруге шықты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұл шеру америкалық мұсылмандардың исламдық ұйымдары кеңесінің шақыруымен өткен. 35-тен астам исламдық ұйымдардың наразылары Палестина халқын қолдап ұрандар айтып, АҚШ Конгресіне қарай шеру өткізген. Наразылар қолдарына Палестинаның 50 метрлік туын ұстап шыққан. Сондай-ақ, шеруде наразылар "Трамп пен Нетаньяху – нацистердің оралуымен тең", "Трамп пен Нетаньяху – соғысқұмарлар" және "Құдс – Палестинаның астанасы" деген плакаттар ұстады.

Шеруге еврей жазушы Мико Пелед, соғысқа қарсы танымал пастор Медиа Бенджамин мен Вашингтонның әл-Ислам мешітінің имамы Абдул Алим Мұса қатысып, сөз сөйледі.