Трамп: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – жаман мәміле
https://itolqyn.com/news/world-i33115
АҚШ Президенті елінің ұлттық қауіпсіздік жаңа стратегиясы жарияланғаннан кейін Вашингтонда журналистердің алдында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын тағы да "жаман мәміле" деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 19, 2017 15:05 Asia/Almaty
  • Трамп:

АҚШ Президенті елінің ұлттық қауіпсіздік жаңа стратегиясы жарияланғаннан кейін Вашингтонда журналистердің алдында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын тағы да "жаман мәміле" деп атады.

Ақ үй дүйсенбі күні АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа стратегиясын жариялады. Ақ үй бұл құжатта дәлелденбеген айыптарды баяндап, Таяу Шығыс қиындықтарын АҚШ "Иранның дамуды талап ету уәждері" деп атаған мәселемен байланыстырды. Ақ үй сондай-ақ, өзінің стратегиясына қатысты құжатында «Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзды» деген уәж айтты.

Трамп дүйсенбі күні кешке Иранның ядролық бағдарламасына қарсылық танытып, Теһранның ядролық қаруға жетуінің алдын алу мақсатында Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табандылығын жарияламағаны туралы уәж айтты. АҚШ Президенті сондай-ақ Ислам революциясы  Сақшылар корпусын лаңкестікті қолдайды деп айыптап, оған қарсы санкция салуды қолдады. Трамп Иран халқына қарсы негізсіз уәждерін қайталап: «Иран лаңкестікті қолдайды» деп уәжденіп, Вашингтон қолдайтын Сирия мен Ирактағы лаңкестерге қарсы күресте маңызды рөл атқарған Сақшылар корпусын жаңа санкциялардың тізіміне енгізді.