БҰҰ-да Палестина халқының тағдырын өзі анықтау құқығы туралы қарар бекітілді
(last modified Wed, 20 Dec 2017 11:24:12 GMT )
Жел 20, 2017 17:24 Asia/Almaty
  • БҰҰ-да Палестина халқының тағдырын өзі анықтау құқығы туралы қарар бекітілді

БҰҰ-ның Бас ассамблеясы көпшілік дауыспен Палестина халқының тағдырын өзі анықтау құқығын мақұлдады.

МАА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ-ның Бас ассамблеясы сәрсенбі күні көпшілік дауыспен Палестина халқының тағдырын өзі анықтау құқығы туралы қарар бекітті.

Осы мәлімет бойынша, 176 мемлекет бұл қарарға оң, 7 мемлекет, соның ішінде АҚШ теріс, 4 мемлекет қалыс дауыс берді.

Палестина халқының тағдырын өзі анықтау құқығы бойынша Құдс қаласының болмысы немесе құрамын өзгерту саласындағы кез келген әрекет заңсыз деп жарияланады.

АҚШ дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Құдсқа қатысты Мысырдың ұсынған қарарына вето қолданды. Қауіпсіздік кеңесінің АҚШ-тан басқа 14 мүшесі Мысырдың қасиетті Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялауына қарсылық білдірген Мысыр ұсынған қарарды қолдайтындықтарын жариялады. БҰҰ-ның Бас ассамблеясы ертең, бейсенбі күні АҚШ-тың Құдсты сионистік режимнің астанасы деп жариялау шешімін талқылау мақсатында төтенше отырыс өткізеді.