Трамп Йемен халқына қарсы соғыста Сауд әулеті режиміне жақтасып отыр
https://itolqyn.com/news/world-i33171
АҚШ президенті Сауд Арабиясының Йеменге қарсы басқыншылығына жақтасып, Йемен Әскерінің Сауд әулеті режимінің басқыншылығына қарсы күресте зымырандық шабуылмен реакция білдіргенін айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 21, 2017 20:44 Asia/Almaty
  • Трамп Йемен халқына қарсы соғыста Сауд әулеті режиміне жақтасып отыр

АҚШ президенті Сауд Арабиясының Йеменге қарсы басқыншылығына жақтасып, Йемен Әскерінің Сауд әулеті режимінің басқыншылығына қарсы күресте зымырандық шабуылмен реакция білдіргенін айыптады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні кешке Сауд Арабиясының королі Салман Абдул Азизбен телефон арқылы сұхбатында Йемен әскерінің Риядқа жасаған зымырандық шабуылын айыптап,

АҚШ-тың Сауд Арабиясының қауіпсіздік қатерлермен күресінде осы елдің жанынан табылатынын баса айтты.

Йемен Әскері сейсенбі күні Сауд Арабиясының 1000 күннен бері Йемен халқына қарсы жасап жатқан басқыншылығы мен шабуылдарына және елдің бейбіт тұрғындарын өлтіруіне реакция ретінде Риядтағы әл-Ямама үкімет орталығына Burkan H2 баллистикалық зымыранын атты.