Америкалық жауапты тұлғалар бос сөйлегенді қоймай отыр
Ақ үйдің баспасөз хатшысы америкалық жауапты тұлғалардың Иранға қарсы бос сөздерінің жалғасында Иранды йемендік күштердің желтоқсанның он тоғызы күнгі Сауд Арабиясына қарсы жасалған зымырандық шабуылға жауапты деп атады.
Йемен Әскері мен халықтық комитеттері желтоқсанның он тоғызы күнгі Сауд әулеті режимінің қылмыстарына жауап ретінде Риядтағы әл-Ямама сарайын баллистикалық зымыранмен нысанаға алды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабаралуы бойынша, Сара Сандерс бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен ИИР-ға қарсы шара қолдануды сұрады.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли де мұның алдында Вашингтонның Сауд Арабиясына Йеменнің мазлұм халқын бомбалау үшін аянбай қару-жарақ тұрғысынан көрсеткен қолдауларына тоқталмай, Иранды Риядқа зымырандық шабуыл жасау үшін Йемендегі Ансаролла қозғалысын қажетті қарумен қамтамасыз етті деп айыптады.
БҰҰ баспасөз хатшысының орынбасары Фарһан Хақ желтоқсанның он төрті күні, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Джефри Фельтман желтоқсанның он тоғызы күні Хейлидің уәждерін теріске шығарды.