Пәкістан армиясы ел астанасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салуда
Пәкістанның астанасында, әсіресе ең маңызды мемлекеттік ғимараттар мен орталықтар орналасқан «қызыл ауданның» айналасында бейберекеттіктер жалғасып жатыр. Армия ел астанасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салуда.
Пәкістан үкіметі Исламабадта орналасқан полиция мен бүлікке қарсы күштердің ашулы наразыларды бақылауда ұстауға күштері жетпей қалудан алаңдап, ел армиясынан өз күштерін қаланың ортасы мен «қызыл аудан» маңына орналастыруды сұрады. Келіп түскен мәліметтер бойынша, осы уақытқа дейін полиция және бүлікке қарсы күштерден 42 адам, 16 наразы жараланған.
Расталмаған мәліметтер бойынша, жексенбі күні кешке Исламабадта болған бейберекеттіктер барысында 3 адам қаза тапқан. Пәкістанның әсірешіл тұлғаларының бірі Мумтаз Кадиридің өлім жазасына кесілгенінен бері қырық күн өтуімен бір мезгілде оның жақтастары жексенбі күні түстен кейін Пәкістанның астанасында бүлік шығарды. Қараңғының түсуімен Исламадабтың жағдайы ушыға түсті.
Мәліметтер бойынша, полиция күштері кейбір жерлерде наразылармен қақтығысып, жас ағызатын газ ату арқылы оларды тарқатуға күш салған.
Исламадабтың барлық көшелері, әсіресе ең маңызды мемлекеттік ғимараттар, Парламент үйі мен елшіліктер орналасқан «қызыл аудан» маңындағы көшелер үлкен контейнерлермен бөгелді.
Пәкістанның арнайы бөлімшесінің бұрынғы қызметкерлерінің бірі Мумтаз Кадири Пенджаб штатының әкімі Салман Тасирді өлтірді деген айыппен биылғы жылы ақпан айында дарға асылған болатын.