Мәскеу: АҚШ-тың санкциялары жауапсыз қалмайды
(last modified Sun, 24 Dec 2017 10:36:38 GMT )
Жел 24, 2017 16:36 Asia/Almaty
  • Мәскеу: АҚШ-тың санкциялары жауапсыз қалмайды

Ресей СІМ АҚШ-тың Мәскеуге қарсы жаңа санкцияларының жауапсыз қалмайтынын қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова сенбі күні тілшілерге берген сұхбатта АҚШ-тың Мәскеуге қарсы жаңа санкцияларын негізсіз деп атап, оларды айыптап: "Ресей АҚШ-тың санкцияларына қарымта жауап беру үшін түрлі шараларды таңдау құқығына ие. АҚШ Ресейдің бірқатар азаматына, соның ішінде  Шешен республикасының Президенті Рамзан Қадыровқа санкция салды",-деп мәлімдеді.

Ресей СІМ ақпарат хатшысы АҚШ-тың  Ресей азаматтарына санкция салудағы дәлелдерін күлкілі деп атап: "АҚШ осы уақытқа дейін Ресейдің 402 құқықтық тұлғасына, соның ішінде саяси қайраткерлері мен компания басшыларына және 195 қарапайым азаматқа санкция салды",-деді.