Лариджани: Америкалықтар аймақта қатерлі әрекеттерді көздеуде
(last modified Sun, 24 Dec 2017 17:20:43 GMT )
Жел 24, 2017 23:20 Asia/Almaty
  • Лариджани: Америкалықтар аймақта қатерлі әрекеттерді көздеуде

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы АҚШ-тың "Иран Йемендегі хусилерге зымыран берді" деген уәжін негізсіз деп атады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани Пәкістан астанасы Исламабадтағы   Иран, Пәкістан, Ресей, Ауғанстан, Қытай мен Түркия Мәжіліс төрағаларының "Лаңкестікпен күрестің түйткілдері және аймақтық ынтымақтастықтың рөлі" атты басқосу аясында Ресей Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуінде америкалықтардың "Иран Йеменнің «Ансаролла» қозғалысына зымыран берді" деген уәжін олардың аймақтағы жаңа жаласы  деп атады.

Лариджани сондай-ақ, Иран мен Ресейдің аймақтық ынтымақтастықтарын арттыру қажеттігін қуаттап, екі елдің Сирия дағдарысын шешу жолындағы ынтымақтастықтарын сәтті үлгілердің бірі деп атап: "Кейбіреулер бұл жолды өзгертіп, Сириядағы соңғы жеңістерді өздерінің мүдделеріне пайдаланбақ. Сондықтан бұл салада қырағы болу керек",- деп баса айтты.

Пәкістандағы "Лаңкестікпен күрестің түйткілдері және аймақтық ынтымақтастықтың рөлі" атты басқосуға қатысушы ирандық делегацияның басшысы Ресейдің АҚШ Президентінің басып алынған Құдсты Израильдің астанасы ретінде ресми қабылдау шешіміне қарсылық білдіруіне алғыс  айтты.

Ресей Думасының Төрағасы да АҚШ-тың екіжүзді саясаттарын сынап, Сириядағы ортақ ынтымақтастықтардың тәжірибесін пайдаланып, әскери дағдарыстарды саяси жолмен шешу қажеттігін қуаттады.