«Лаңкестікпен күрес» атты америкалық коалициялар: сөзден әрекетке дейін
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Исламабадта өткен "Лаңкестікпен күрестің түйткілдері және аймақтық ынтымақтастықтың рөлі" атты басқосуда «Лаңкестікпен күрес» атты америкалық коалицияның жеңіліске ұшырағанын қуаттады.
Лариджани АҚШ коалициясының 2001 жылдан бергі Ауғанстандағы дүркіреген құзыры мен терроризмді тамырымен жою туралы айтқан уәждерін еске алып, "Осы жылдар аралығында лаңкестік үдерісі бәсеңдеді ме, әлде артты ма?" деген сауалды қойып: "Америкалықтар құрған коалиция Ауғанстандағы лаңкестікті түп-тамырымен жойып, бұл елдегі есірткі заттарының өндірісі мен контрабандасын жоюы тиіс болған. Алайда олар лаңкестік пен есірткі заттарын тамырымен жоюда ешқандай табысқа жетпеді",- деді.
Қазір АҚШ-тың лаңкестікпен күрес жөніндегі саясаттарынан шынайы қайшылық байқалады.
АҚШ басшылары өздерінің ДАИШ-ты құрғанын мойындады. Сонымен қатар олар лаңкестікпен күрес туралы уәждерді де айтып отыр. АҚШ шын мәнінде аймақта жаңа авантюристік шараларды жүзеге асыруды көздеуде. Олардың авантюристік шаралары ДАИШ-тың Сирия мен Ирактағы үлкен жеңілістерінен кейін Құдсқа қатысты жаңа әрекеттермен басталды.
Израиль де шиеленіскен дағдарыстар мен аймақтық қақтығыстарды өз мүдделеріне жету мүмкіндігіне айналдыруға талпыныс жасауда. АҚШ лаңкестікпен күресудің орнына Израильдің мақсаттарына сәйкес аймақтық жүйе құруды көздеп, мұндай жүйені аймақтағы қауіпсіздіктің негіздері етуді табанды түрде талап етуде. Бұл Израильдің аймақтағы бейберекет жағдайды Құдсқа қатысты дауды өз пайдасына шешу үшін пайдалануға талпыныс жасап жатқан жағдайда орын алып жатыр.
АҚШ Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми түрде мойындап, өз елшілігін сол қалаға көшіруге әрекет жасауы арқылы басып алуға тыйым салу туралы БҰҰ-ның жарлығы мен халықаралық заңды бұзды.
Трамп сондай-ақ, өзінің сыртқы саясатқа байланысты жаңа мәлімдемесінде Иранды аймаққа төнген қауіп деп атады. Сонымен қатар, сионисттік режимнің премьер-министрі Нетаньяху: "Иран – Батыс Азиядағы қақтығыстардың түп-тамыры",- деген уәж айтты. Аймақтағы кейбір араб елдері басшыларының Құдс мәселесіне мән бермеу және Иранға қарсы айып тағуға байланысты ұстанымдары дәл осы мәселені растап отыр. Лаңкестікпен күрес туралы уәждер мен АҚШ-тың аймақтық коалиция құруынан бастап, Құдсты басқыншы Израильдің астанасы ретінде мойындауы мен кейбір кертартпа араб елдерінің бұл әрекетте бағыттас болуына дейінгі барлық іс АҚШ-тың аймаққа таңылған дағдарыстарға себепкер екендігін дәлелдейтін алдын-ала жоспарланған жобадан бастау алып отыр. Сол себепті, бұл дағдарыстар тез арада шешіле қоймайды. Дағдарыстардың салдары қазіргі таңда бір мемлекеттің шекараларынан асып, аймақтың барлық елдеріне ықпал етуде. Бірақ бүгінде АҚШ та, Израиль де шиеленіскен аймақтық жағдайға шырмалып, содан шыға алмай отыр.