2017 жыл йемендік балалар үшін алапат жыл болды
Жел 28, 2017 21:52 Asia/Almaty
БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өз есебінде 2017 жылдың йемендік балалар үшін жан түршігерлік алапат жыл болғанын мәлімдеді.
Лондонда шығатын The Guardian газетінің мәліметі бойынша, ЮНИСЕФ ұйымы өзінің есебінде 2017 жылдың йемендік балалар үшін алапат жыл болғанын атап: "Сауд Арабиясының Йеменге басқыншылығы салдарынан бұл елде тырысқақ ауруы таралып, елдегі медициналық және денсаулық сақтау қызметінің жұмысы бұзылып, көптеген балалар құрбан болды. 2017 жылы соғысушы тараптар гуманитарлық заңдарды әшкере түрде бұзып, балаларды адами қалқан ретінде пайдаланған",- деп мәлімдеді. Сондай-ақ, есепке сәйкес, Йеменде желтоқсан айында 80-нан астам бала қаза болып, жараланған.
Тегтер