Пәкістан мен Иранның шекарасы бейбітшілік пен достық аймағына айналады
(last modified Fri, 29 Dec 2017 13:20:24 GMT )
Жел 29, 2017 19:20 Asia/Almaty
  • Пәкістан мен Иранның шекарасы бейбітшілік пен достық аймағына айналады

Пәкістан армиясының ақпарат өкілі бейсенбі күні: "Пәкістан мен Иранның шекарасы шын мәнінде бейбітшілік пен достық аймағына айналады",-деп қуаттады.

Асеф Ғафур екі елдің ортақ шекараларын нығайту үшін екіжақты шаралар атқарылып, бұл аймақты бейбітшілік пен достық шекарасына айналдыру жұмыстары жасалып жатқанын айтып: "Пәкістан мен Иран арасында екі елдің шекаралық аудандарында тұратын адамдар мен зияратшылардың қатынауын жеңілдету үшін жаңа өткізу-бақылау пунктері салынатын болады",-деп еске салды. ИИР мен Пәкістан көршілес әрі бауырлас екі ел ретінде қылмыскерлер мен лаңкестік топтар әрекеттерінің алдын алу үшін ортақ шекаралардың қауіпсіздігін нығайтуды көздеп отыр.