Иранның цементі Шығыс Азия нарығына Swap арқылы жіберіледі
https://itolqyn.com/news/world-i3346
Хузестандағы «Фарс» цемент холдингінің атқарушы директоры Пәкістанның экспорттық мүмкіндіктері негізінде Иранда өндірілетін цементтің бір бөлігін Пәкістаннан Swap арқылы мақсат еткен нарыққа жеткізуге келіскендерін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 28, 2016 21:05 Asia/Almaty
  • Иранның цементі Шығыс Азия нарығына Swap арқылы жіберіледі

Хузестандағы «Фарс» цемент холдингінің атқарушы директоры Пәкістанның экспорттық мүмкіндіктері негізінде Иранда өндірілетін цементтің бір бөлігін Пәкістаннан Swap арқылы мақсат еткен нарыққа жеткізуге келіскендерін хабарлады.

Мортаза Лотфи Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің тілшісіне берген арнайы сұхбатында: «Пәкістан көрші елдерге цемент экспорттау негізінде жақсы мүмкіндікке ие. Осы елдің өзі цемент өндіруден кемдік көріп отырғандықтан Иранның цемент өнеркәсібі олардың цементке деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Пәкістан осы елді қажетті цементпен қамтамасыз ету мөлшерінде Иранның атынан көрші елдерге цемент экспорттайтын болады.

Елдегі 80 миллион тонналық цемент көлемі және Пәкістандағы цемент тұтынудың жақсы нарығы осы елге цемент экспорттау үшін келіссөздер жүргізуге себеп болды.

Пәкістанның цементке деген үлкен сұранысы мен осы елдің 40 миллион тонна цемент өндіру көлеміне байланысты осы елге цемент экспорттау арқылы Пәкістанның қажеттілігін қамтамасыз етумен қоса, цементті осы елден Swap арқылы экспорттауды да іске асыра аламыз.

Пәкістанға цемент экспорттаумен қоса, осы елдің басшылары және экономика саласы белсенділерімен Пәкістанның Балучестан штатының орталығы Кветта қаласында цемент бөлімшесін салуға келісім жасалды» деді.