Лавров: Ресей мен АҚШ қарым-қатынастары қазіргі жағдайда жақсаруы мүмкін емес
(last modified Sun, 31 Dec 2017 16:30:50 GMT )
Жел 31, 2017 22:30 Asia/Almaty
  • Лавров: Ресей мен АҚШ қарым-қатынастары қазіргі жағдайда жақсаруы мүмкін емес

Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ саясаткерлерінің русофобиялық ұстанымдарына байланысты Ресей мен АҚШ қарым-қатынастарының жақсару мүмкіндігінің жоқтығын қуаттады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «АҚШ-қа қарсылық білдіруші мемлекеттерге қарсыласу заңын санкция салу арқылы іске асыру Ресей мен АҚШ-ның қарым-қатынастарына әсерін тигізетіні күмәнсіз. Ресей өзі мен одақтастарына қарсы әрбір дұшпандық әрекетке орынды жауап қайтарды және келешекте де бұл үдерісті жалғастырады. Сондықтан америкалық басшылар уақыт өте келе Ресейге қысым көрсетудің пайдасыздығын түсінер деп үміттенеміз»,- деді.

Ресей мен АҚШ қарым-қатынастары соңғы жылдары Украина дағдарысына байланысты нашарлап, Вашингтон Мәскеуге қарсы бірнеше санкция салды.