Пәкістан АҚШ-ның елшісін шақыртты
(last modified Tue, 02 Jan 2018 11:41:02 GMT )
Қаң 02, 2018 17:41 Asia/Almaty
  • Пәкістан АҚШ-ның елшісін шақыртты

Түркияның "Анатоли" ақпарат агенттігі есімін айтудан бас тартқан пәкістандық дипломаттардың бірінің сөзіне сүйеніп, Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің дүйсенбі кешке АҚШ Президентінің Пәкістанға қарсы жаңа айыптауларына наразылық нотасын білдіріп, Исламабадтағы АҚШ елшісі Дэвид Хейлді шақыртқаны туралы хабарлады.

АҚШ Президенті Пәкістанды экстремистерді паналатып,  бұл туралы өтірік айтумен айыптап: «Вашингтон Исламабадқа көмектерін тоқтатады",- деп қоқан-лоққы жасады.

Дональд Трамп дүйсенбі күні Жаңа жылда Твиттерде жазған бірінше жазбасында: "АҚШ өткен 15 жылы еш ойланбастан көмек ретінде 33 миллардтан астам долларды пәкістандықтарға берді. Олар АҚШ басшыларын ақымақ санап, өтірік пен алдаудан басқа еш нәрсе қайтармады",- деп жазды.

"Нью-Йорк таймс" газеті өткен аптада Трамп үкіметінің Пәкістанға 255 миллион долларлық көмекті бермеуді шынайы қарастырып жатқанын жазды.

Трамптың Пәкістанға қарсы уәждері АҚШ пен аймақтағы одақтастары, атап айтқанда Сауд Арабиясы  әшкере түрде Сириядағы лаңкестік топтарға қаржылай және қару-жарақпен қолдау көрсеткен жағдайда айтылуда.