Пәкістандағы жарылыста құрбан болғандардың саны 72 адамға жетті
https://itolqyn.com/news/world-i3352
Өткен күні Пәкістанда жасалған жанкештілік жарылысындағы шығын саны 72 адамға жетті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 28, 2016 21:05 Asia/Almaty
  • Пәкістандағы жарылыста құрбан болғандардың саны 72 адамға жетті

Өткен күні Пәкістанда жасалған жанкештілік жарылысындағы шығын саны 72 адамға жетті.

Панджаб облысы әкімшілігінің ақпарат хатшысы Зағим Ғадери: «Өткен күні Иқбал Лахур саябағында болған жойқын жарылыста 72 адам, соның ішінде 29 бала қаза тауып, өзге 315 кісі жараланды деді. Мәліметтерге бойынша, жанкешті лаңкес осы саябақты аралап жүрген адамдардың ортасында өзін жарып жіберген. Қанқұйлы жарылыстан кейін Панджаб облысының бас министрі Шахбаз Шариф осы облыста үш күн қаралы күн жариялады.