БҰҰ-дағы Иран өкілі америкалықтардың Ирандағы бейберекеттіктерді қолдаған сөздерін айыптады
БҰҰ-дағы Иранның өкілі сейсенбі күнгі мәлімдемесінде америкалық басшылардың Ирандағы бейберекеттіктерді қолдаған араласушылық сипаттағы сөздерін айыптады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, БҰҰ-дағы Иран өкілінің мәлімдемесінде АҚШ басшыларының Ирандағы бейберекеттіктерді қолдау туралы сөздері АҚШ пен одақтастарының Таяу Шығыс аймағындағы саясаттарының нәтижеге жетпегенрін жасыру және сол арқылы Иранның батыл халқынан кек алу деп сараланды.
Бұл мәлімдеме өткен 40 жылдағы Иранның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының халқына сүйенгенін қуаттап: "Иран халқы жуырдағы наразылық оқиғаларына қарамастан өз құқықтары мен жетістіктерін қорғап, зорлық-зомбылықтың өздерінің құқықтарын бұзуына рұқсат бермейді",- деді.
БҰҰ-дағы Иран өкілінің мәлімдемесінде бұл ұйымдағы АҚШ өкілі Никки Хейлидің қоқан-лоққылары Ирандағы тәртіп бұзушылық жайттарын қолдау деп аталды.