Иран Теһран-Париж қарым-қатынастарын кеңейтіп, нығайтатынын қуаттады
(last modified Wed, 03 Jan 2018 11:54:28 GMT )
Қаң 03, 2018 17:54 Asia/Almaty
  • Иран Теһран-Париж қарым-қатынастарын кеңейтіп, нығайтатынын қуаттады

ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Франция Президенті Эмануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, Теһран-Париж арасындағы қарым-қатынастарды кеңейтіп, нығайту туралы кеңесулерді жалғастыру қажеттігін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Хасан Рухани телефон арқылы сұхбатта  Франция үкіметі мен халқын Жаңа жылмен құттықтап, Иран мен Францияның екіжақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтарын аймақтың дамуы, сондай-ақ, бейбітшілігі, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін пайдалы деп атады.

Рухани Иранның негізгі саясатының аймақтағы бейбітшілікті, тыныштық пен тұрақтылықты арттыруға сүйенетіндігіне тоқталып: "Баршаға Иранның талпыныстары мен көмектерінің аймақтағы ДАИШ-тың жойылуына жеткізгені белгілі болды",- деді.

Рухани Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі арасындағы ынтымақтастықтарға табанды екендігін қуаттап: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – халықаралық келісім. Сондықтан барлық тараптар бұл келісімнің күшінің жойылмауына талпыныс жасауы қажет",- деп қуаттады.

Франция Президенті де өз елінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болғанына және бұл келісімді халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықтың мүддесіне деп санайтындығына тоқталып, аймақта тұрақтылық пен тыныштық қалыптастыруға және Йемендегі, Сирия мен Ирактағы қақтығыстарды тоқтатуға көмектесетін кеңесулерді жалғастыру қажеттігін баса айтты. Макрон сонымен қатар ешбір жағдайда Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының ДАИШ-ты жоюдағы рөлін теріске шығармайтынын және бұл күштерге алғыс айтатынын мәлімдеді.