БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Иранның істеріне АҚШ-тың араласу туралы өтінішін қабылдамады
(last modified Wed, 03 Jan 2018 16:57:08 GMT )
Қаң 03, 2018 22:57 Asia/Almaty
  • БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Иранның істеріне АҚШ-тың араласу туралы өтінішін қабылдамады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік төрағасы АҚШ өкілінің Иранға қатысты жедел отырыс өткізу өтінішін қабылдамай, бұл отырысты өткізудің қажетсіз екендігін қуаттады.

«Tasnim» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, қаңтар айынан бастап Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік төрағасы Қайрат Омаров: «Ұйым Иранның көшелерінде орын алған бейберекетсіздіктерге байланысты отырыс өткізбейді. Қауіпсіздік кеңесі мәселені барлық мүшенің келісімімен ғана қарастырады. Алайда Иранға қатысты отырыс өткізу туралы өтінішті тек АҚШ білдірді» деді.

БҰҰ-ғы АҚШ-ның тұрақты өкілі Никки Хейли сейсенбі күні Иранның ішкі істеріне өз елінің араласушылығының жалғасында Вашингтонның Иранға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде отырыс өткізу туралы өтінішін хабарлаған болатын.