Рябков Сирия келіссөздерінде қол жеткізілген ілгерілеушіліктерге ризалық білдірді
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Женевадағы Сирия бейбітшілік келіссөздерінде ілгерілеушіліктерге қол жеткізілді және ол жалғасуы керек деп мәлімдеді.
«Спутник» ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауынша, Рябков «Известия» газетіне берген сұхбатында осы тақырыпты баяндай келе: Біз оң көзқарасқа иеміз. Келіссөздер баянды болуы керек. БҰҰ бас хатшысының Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Стэффан де Мистураның келіссөздердің келесі кезеңі 11- ші сәуірде өтеді деп мәлімдеуі өте жақсы. Келіссөзді жалғастыру үшін идеялар бар. Нұсқаулар қағаз бетіне түсірілген» деп мәлімдеп,
күрдтердің осы келіссөздерге қатысуының маңызы зор деп бағалады. Ол сондай- ақ Эр- Риядтің қолдауына ие болып отырған сириялық қарсыластарға қарасты келіссөздердің жоғары комитеті бұдан да реалистік тұрғы ұстанып, келіссөздерде алдын ала шарт қоюға талпынудан бас тарту керектігін баса айтты.