Лондон қаласының мэрі Батыстың Сирия дағдарысына қатысты саясатын сынады
Ұлыбритания астанасы Лондон қаласының мэрі Батыс елдерінің Сирия дағдарысына қатысты саясатын сынады.
Лондон қаласының мэрі Борис Джонсон Сирияның Тадмор тарихи қаласының ИСИМ лаңкестік тобының басқыншылығынан азат етілгеніне ризалық білдірумен қоса: «Сирия армиясы мен халықтық күштерінің лаңкестерді жеңуі Сирия дағдарысына қатысты Батыстың шаралары осы уақытқа дейін әсерсіз әрі тиімсіз болып отырған жағдайда жалғасуда.
Өткен бірнеше жылда Батыс елдері Сирия үкіметіне қарсы қарсылас шеп құру миссиясымен айналысты. Осы талпыныстардан қазірге дейін еш нәтиже шыққан жоқ» деді.
Лондон қаласының әкімі сондай- ақ Ұлыбритания үкіметінен осы тарихи қаланы қайтадан қалпына келтіру үшін өзінің танымал археологтарын аттандыруды сұрады.
Сирия армиясы мен халықтық күштері жексенбі күні 2015 жылдың мамыр айынан ИСИМ лаңкестік тобының қарамағында болған Тадмор тарихи қаласын азат етті.
Тадмор немесе Пальмира әлемдегі ең маңызды тарихи қалалардың бірі болып табылады.