БҰҰ Йеменге гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады
(last modified Sat, 06 Jan 2018 17:04:29 GMT )
Қаң 06, 2018 23:04 Asia/Almaty
  • БҰҰ Йеменге гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады

БҰҰ халықаралық органдар Йеменнің жедел гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін жариялаған соң, қаржылай көмек көрсетуге шешім қабылдады.

«Синьхуа» ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, халықаралық гуманитарлық ұйым Йемен халқының 22 миллионнан астам адамы жедел көмекке мұқтаж, кемінде 8 миллион адамының ашаршылықта өмір сүріп жатқаны жарияланған уақытта БҰҰ өзінің «Жедел араласу» орталық қорынан 50 миллион долларды Йеменге гуманитарлық көмек ретінде бөлді.   

Йемен халқына қарсы Сауд Арабиясының әскери шабуылдары Йеменнің тұрмыстық инфрақұрылымының негізгі бөлігін жойып, йемендіктердің 75 пайызын гуманитарлық көмекке мұқтаж еткізді.

БҰҰ Йеменнің бейбіт тұрғындарына қарсы Сауд Арабиясының әуе шабуылдары салдарынан елдің гуманитарлық жағдайының ушығуына алаңдаушылық білдірді.

Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы, БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЭФ) және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақытта Йеменнің әлемде ең ауыр гуманитарлық дағдарысқа ие екені туралы есеп жариялады.