Вашингтон Пәкістанға қауіпсіздік саласындағы көмектерін тоқтатты
(last modified Sun, 07 Jan 2018 02:13:23 GMT )
Қаң 07, 2018 08:13 Asia/Almaty
  • Вашингтон Пәкістанға қауіпсіздік саласындағы көмектерін тоқтатты

АҚШ-ның Мемлекеттік департаменті ресми түрде Пәкістанға қауіпсіздік саласындағы көмектерін тоқтатты.

«IRNA» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт Вашингтонның Исламабадқа қауіпсіздік саласында көмектеспейтінін мәлімдеді. Лауазымды тұлғалардың бірінің айтуынша бұл көмек 255 миллион долларды құрады.

АҚШ-ның Мемлекеттік департаменті қаржылай көмектің нақты көлемін мәлімдеуден бас тартты.

Хизер Нойерт көмек көрсетуді жалғастыруды Исламабадтың Ауғанстанның талибандары мен  Хаққани желілеріне қарсы әрекет еткен жағдаймен байланыстырды.

АҚШ Мемлекеттік департаменті аталмыш екі топтың көп уақыт бойы Пәкістанды паналап, сол жерден Ауғанстанға шабуыл жасап, Исламабад олармен күресу үшін тиісті әрекет жасамады деген уәж айтты.

Пәкістан Әскерінің баспасөз хатшысы Асеф Ғафур Исламабад үкіметіне қарсы АҚШ-ның іс-әрекетіне реакция көрсетіп, АҚШ-ның Пәкістанға қаржылай және әскери көмектерін толығымен  тоқтатудағы біржақты шешімінің Вашингтон үшін зиянмен аяқталатынын мәлімдеп: «Лаңкестердің Пәкістанда жасырынатын ешбір қауіпсіз мекендері жоқ. Бұл саладағы АҚШ-ның Исламбад үкіметіне таққан айыптары негізсіз» деді.