UNRWA ұйымы Нетаньяхудың сөзіне реакция білдірді
БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмысты ұйымдастыру жөніндегі таяушығыстық агенттігінің (UNRWA) баспасөз хатшысы сионисттік режим премьер-министрінің жуырда осы агенттікке қарсы айтқан сөзіне реакция білдірді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмысты ұйымдастыру жөніндегі таяушығыстық агенттігінің (UNRWA) баспасөз хатшысы Крис Гуннес жексенбі күні кешке сионистік режим премьер-министрінің осы агенттікті тарату туралы жуырда айтқан сөзіне реакциясында: "UNRWA ұйымы тек БҰҰ-дан басқа ешкімнің өтінішіне қатысты әрекет етпейді", - деді.
Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жексенбі күні: "UNRWA ұйымы таратылып, жойылуы тиіс",- дегене болатын.
АҚШ та жұма күні Құдсты басып алушы режимге жағымпазданып, ағымдағы жылдың қаңтар айында жыл сайын UNRWA ұйымына ұсынатын 300 миллион доллар көлеміндегі қаржылай көмектің 125 миллион долларын қысқартатынын мәлімдеді. Вашингтон келесі кезекте UNRWA ұйымына беретін қаржылай көмегінен тағы 55 миллион долларды қысқартуды көздеп отыр.
Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) баспасөз хатшысы Сами Абузахри жексенбі күні: "АҚШ-тың жуырдағы UNRWA ұйымына қаржылай көмек көрсетуін тоқтатуға негізделген шешімі палестиналық босқындардың қайта оралу құқығын жою мақсатында жүзеге асырылады",- деп мәлімдеді.