Зариф: Бұдан былай АҚШ-тың сөзі ешкімге жүрмейді
https://itolqyn.com/news/world-i33797-Зариф_Бұдан_былай_АҚШ_тың_сөзі_ешкімге_жүрмейді
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың Өкілдер палатасында Ирандағы тынышсыздықтарды қолдаған қарардың бекітілгеніне білдірген реакциясында: " Бұдан былай АҚШ-тың сөзі ешкімге жүрмейді, әсіресе Иран халқына әсер етпейді",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 11, 2018 15:13 Asia/Almaty
  • Зариф: Бұдан былай АҚШ-тың сөзі ешкімге жүрмейді

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың Өкілдер палатасында Ирандағы тынышсыздықтарды қолдаған қарардың бекітілгеніне білдірген реакциясында: " Бұдан былай АҚШ-тың сөзі ешкімге жүрмейді, әсіресе Иран халқына әсер етпейді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Зариф сәрсенбі күні Ресей астанасы Мәскеуде тілшілерге берген сұхбатында: "Иран халқы өз құқықтарының орындалуын қадағалайтынын, ИИР үкіметі халықтың құқықтарын сақтау қажеттігін қуаттайтынын көрсетті. Сайлау және сын айту осы құқықтардың бір бөлігі болып табылады.

АҚШ-тың аймақтағы одақтастарының ешқайсысы бұл құқықтарды өз халықтары үшін кепілдендіріп отырған жоқ. АҚШ үкіметі мен оның Өкілдер палатасы осы күнге дейін бұл жағдайға еш  алаңдаушылық білдірген емес. Иран елдің қауіпсіздігі, тыныштығы мен экономикалық дамуы бойынша халыққа арқа сүйейді. Халық – Иранның ұлттық егемендігінің басты тірегі",-деді. 

Ол АҚШ Президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ықтималды шешіміне реакциясында оны болжап білу мүмкін еместігіне тоқталып: "Трамптың жеке басының бұл қыры АҚШ-тың өз серіктестері үшін де сенімсіз болуына себеп болды",-деді.