ХАМАС БҰҰ өкілінің қарсыласу қозғалысын лаңкес деп атағанына наразылық білдірді
(last modified Thu, 11 Jan 2018 15:07:39 GMT )
Қаң 11, 2018 21:07 Asia/Almaty
  • ХАМАС БҰҰ өкілінің қарсыласу қозғалысын лаңкес деп атағанына наразылық білдірді

ХАМАС сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде БҰҰ-ның Таяу Шығыс жөніндегі өкілі Николай Младеновтың қарсыласу қозғалысын лаңкес деп атағанына наразылық білдірді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС осы мәлімдемеде: "Младенов балаларды өлтіріп, қасиетті құндылықтарға құрметсіздік көрсетіп, қылмыс жасайтын басқыншы режимнің халықаралық заңдар бойынша лаңкес екенін, ал қарсыласу қозғалысының басып-жаншылған халықтың қолдауына ие болып отырғанын жақсы біледі.

Біздің халқымыздың қарсыласуы басқыншылық салдарынан пайда болды. Олар өз құқықтарын қорғауды мақсат тұтады",-деп баса айтты.

БҰҰ-ның Таяу Шығыс жөніндегі өкілі Николай Младенов сионистік режимнің Палестина халқының құқықтарына қарсы жасаған қылмыстарына тоқталмастан, палестиналық күрескерлердің сейсенбі күнгі операцияларын лаңкестік деп атады. Наблуста болған операциялар барысында сионист қалашықтың бір тұрғыны өлтірілді.

Палестина балаларын қорғау халықаралық қозғалысының сейсенбі күнгі мәліметі бойынша 2017 жылы сионистердің оғынан 12 палестиналық бала шәһид болды.