АҚШ – ресейліктердің қас жауы
https://itolqyn.com/news/world-i33831
Ресейдегі бір қоғамдық орталықта жүргізілген соңғы сауалнама нәтижесі көрсеткендей, ресейліктердің көбі АҚШ-ты өздерінің қас жауы санайды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 12, 2018 17:25 Asia/Almaty
  • АҚШ – ресейліктердің қас жауы

Ресейдегі бір қоғамдық орталықта жүргізілген соңғы сауалнама нәтижесі көрсеткендей, ресейліктердің көбі АҚШ-ты өздерінің қас жауы санайды.

«Левада-Центр» сараптау орталығының сәрсенбі күні жариялаған сауалнама нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 68 пайызы АҚШ-ты бұрынғыдай Ресейдің нөмірі қас жауы санайды. Осы мәлімет бойынша, 5 жыл бұрын бұл орталық тарапынан жүргізілген ұқсас сауалнамада ресейліктердің 56 пайызы АҚШ-ты Ресейдің ата жауы санаған екен. Сондықтан ресейліктердің АҚШ-қа теріс көзқарасы осы аралықта 12 пайызға артып отыр.